533
Үстіміздегі жылдың 20 шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстады.
“Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде” делінген ҰҚК мәліметінде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.