Шымкентте прокуратура ғимаратында ер адам үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды

Теги: , ,
204

Оқиға бүгін, 28 тамызда күндізгі уақытта болған. Шымкент қаласы прокуратурасының фронт офисіне 15-ке жуық азамат Еңбекші ауданының полиция басқармасымен тергелген қылмыстық іс бойынша қабылданған шешіммен келіспейтінін айтып, келген шағымы бойынша қала прокурорының жеке қабылдауын талап еткен.

Шымкент қаласы прокуратурасының кезекші прокуроры түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында келгендердің ішінен бір ер азамат үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеуге оқталған. Прокуратура қызметкерлерінің тез арада әрекет етуінің нәтижесінде өз-өзін өртеуге жол берілмеді.

“Аталған дерек Әл-Фараби АПБ-ның АЕК-на тіркеліп, қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде.
Текеру нәтижесімен аталған азаматтардың әрекеттеріне заңды баға берілетін болады” деп хабарлады прокуратурадағылар.

Бұдан өзге қала прокуратурасына келген тұлғалардың арасындағы бір әйел азаматша өзін нашар сезінген. Оған жедел жәрдем бригадасы  медициналық көмек көрсетті.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында вакцина салдырмаған балалар қызылша жұқтырған
Келесі пост
Шымкентте Полиция департаментінің басшысы ауысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu