Синпотиктердің болжауынша, Шымкентте 25-26 шілде күндері күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық күтіледі.
Ауа райының аптап ыстық болуына байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ыстық ауа райында көшеде ұзақ уақыт болу күн мен жылу соққысына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
Күн мен жылу соққысының жиі кездесетін белгілері:
– бастың айналуы;
– қатты бас ауруы;
– кейде жүрек айнуы және құсу;
– көздің қараңғылануы;
– кейбір жағдайларда мұрыннан қан кету;
– жылдам импульс;
– ентігу.
Күн немесе жылу соққысын алу қаупі әсіресе қарттар мен балаларда өте жиі кездеседі. Себебі олардың терморегуляция жүйесі жетілмеген. Аптап ыстық жүрек-қан тамырлары аурулары, метаболикалық бұзылулар, эндокриндік аурулары бар адамдарға да қауіпті. Күн немесе жылу соққысының алғашқы белгілерінде шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну керек.