Шағын БАҚ пен блогерлер үшін 7 000 000 теңгеге дейін грант тағайындалды

225

«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өңірлік БАҚ пен блогерлер арасында грантқа байқау жариялады.

Гранттар сомасы 3-тен 7 млн теңгеге дейін. Қаржылық қолдауға ие бола алатындар:

▪️Өңірлік шағын БАҚ;

▪️Цифрлы контент авторлары (блогерлер).

Шағын өңірлік БАҚ арасындағы конкурсқа өтінімдер 2024 жылғы 25 маусымнан 15 шілдеге дейін, блогерлер арасында – 2024 жылғы 25 маусымнан 24 шілдеге дейін қабылданады.

Екі байқаудың да екі кезеңі болады. Бірінші кезеңде комиссия ең үздік өтініш берушілерді таңдайды. Екінші кезеңде авторлар өз жобасын қорғауы керек.

Айта кетейік, 14 жастан бастап қазақстандықтар блогерлерге берілетін грантқа үміткер бола алады деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Конкурс шарттары туралы толығырақ: www.mdq.kz, e-mail: grants.mdq@gmail.com. Instagram: @media.damytu.qory

Алдыңғы пост
Кәрім Мәсімов кешірім ала алмады
Келесі пост
Болат Назарбаевтың мұрасын бөлу басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu