Шымкент тұрғыны ағасын арматурамен өлтіріп, мәйітті дәретханаға тастап жіберген

Теги: , ,
422

Шымкент тұрғыны ағасын өлтіріп, мәйітін дәретханаға тастап жіберген. Оның бұл әрекетіне өгей ағасының мас күйінде анасымен жанжалдасуы себеп болған.

Оқиға осыдан екі жыл бұрын Еңбекші ауданында орын алған. Полицияға қала тұрғыны арызданып, 32 жастағы ұлының жоғалып кеткенін айтқан. Анасының айтуынша, ұлы екі апта бұрын үйден шығып, қайтып оралмаған.
Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың жүрген жерін анықтау мақсатында криминалдық полиция қызметкерлері кешенді шаралар жүргізді. Тәртіп сақшылары оның отбасы мүшелерінен, көршілерінен, достарынан сауалнама жүргізіп, жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді.

Ер адамның сыртқы келбетін сипаттайтын бағдарлар қалалық полиция департаментінің басқармаларына, сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарындағы полиция бөлімдеріне жолданды.
2 жыл бойы іздестіру жұмыстары нәтижесіз болғанымен, биылғы жылдың басында жедел қызметкерлер жайт бойынша ілмек таба алды. Кездейсоқ куәгердің жауабына сәйкес, азаматтың жоғалып кетуіне інісінің қатысы бар болған.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде отбасылық жанжал барысында ол туысын басынан арматурамен бірнеше рет ұрып өлтіргені анықталды. Бұл іске күдіктіні өгей ағасының мас күйінде анасымен жанжалдасуы итермелеген. Аса ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін қаскүнем мәйітті сырттағы дәретханаға тастап, шұңқырды бетонмен толтырып, үстіне шағын сарай тұрғызған. Күдікті қамауға алынды» деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеушілер қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолдады.

Алдыңғы пост
Шымкентте субұрқақта шомылып жүрген бала қайтыс болды
Келесі пост
Қазақстанда 15 мыңға жуық шетелдік азамат нәпақа тауып жүр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu