Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы Махмұд Сабырхан мен жеке жаттықтырушысын қабылдады. Шаһар басшысы оларды дүбірлі додадағы жеңіспен құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі.
Әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер кілтін, ал жаттықтырушысына 5 млн теңге ақшалай сыйлық табыстады.
Айта кетейік, Шымкент қалалық «Кәсіпқой бокс түрлері клубының» спортшысы Махмұд Сабырхан 54 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Ол Венгрия, Үндістан, Гана, Куба елінің спортшыларын жеңіп, финалға шыққан болатын. Шешуші сәтте рингке өзбекстандық боксшы Ойбек Жураевты тізе бүктірді.
Әлем чемпионатында ҚР ұлттық құрамасы 4 алтын, 1 күміс жүлде олжалап, жалыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді.