334
Жол-көлік оқиғасы кеше, 26 шілде сағат 10:15 шамасында болған.
Самал базарына қарай бағыт алған Howo миксер жүк көлігі Рысқұлов және Қазиев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамда тоқтап тұрған 8 автокөлікті соққан.
Жол апатынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Camry көлігінің жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
«Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын нақтылау барысында жүк көлігінің тежеуіші кенеттен істен шыққанын және оны тізгіндеуші азаматтың жүк көлігін басқаруға құқығы жоқ екенін анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 3-бөлімі бойынша хаттама толтырылды» делінген полиция мәліметінде.