Базар маңында жүрген әйел жоқ қантты 1 млн теңгеге сатқан

Теги: , ,
279

Абай облысында жергілікті тұрғын жерлестеріне жоқ қантты 1 млн теңгеге сатқан. Полиция хабарлауынша, маусымдық жазғы сұраныс аясында қант алаяқтықтары пайда болған.

Семей қаласы ПБ “102” жедел арнасына 36 жастағы облыс орталығының тұрғыны қоңырау шалып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлаған. Жәбірленушіге  базар маңында белгісіз әйел жақындап,  қант сатып алуды ұсынған. Polisia.kz жазуынша, тауардың төмен құнын естіген жәбірленуші мобильді қосымша арқылы ойланбастан күдіктінің шотына 563 мың теңге аударған.

Полицияға осыған ұқсас арызбен тағы сегіз жергілікті тұрғын келген. Жалпы шығын құны 981 мың теңгеден асқан.

“Барлық деректер ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр”, – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Алдыңғы пост
Шымкентте жүк көлігі бірден 8 жеңіл көлікті соқты
Келесі пост
Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu