460
Алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ер адам ақыры ұсталды. Оны түркістандық “Cyberpol” арнайы тобының қызметкерлері Шымкентте құрықтаған.
ІІМ Telegram-каналының жазуынша, Қызылорда тұрғыны алаяқтың әрекеттерін Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы іске асырып келген. Шығын көлемі – 6 млн теңге.
Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіру арқылы түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни, алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан.
ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.