Қызылорда тұрғыны 45 сатушыны оп-оңай алдап кеткен

Теги: , ,
241

Алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ер адам ақыры ұсталды. Оны түркістандық “Cyberpol” арнайы тобының қызметкерлері Шымкентте құрықтаған.

ІІМ Telegram-каналының жазуынша, Қызылорда тұрғыны алаяқтың әрекеттерін Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы іске асырып келген. Шығын көлемі –  6 млн теңге.

Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіру арқылы түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни, алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан.

ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Алдыңғы пост
Жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есеге артты
Келесі пост
Достарымен демалуға барған жас жігіт суға батып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu