Шымкентте жас жігіт досынан интимдік видеоларын таратпау үшін 100 мы АҚШ долларын талап еткен

Теги: , ,
425

Шымкенттік тұрғын досының беделін түсіретін ақпаратты таратпау үшін 100 000 доллар талап еткен.

Қаратау ауданының тұрғыны полицияға бопсалау туралы арызбен жүгінді. Жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып,  100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Әйтпесе оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп уәде еткен.

Өз беделіне алаңдаған жігіт келісіп, оның нұсқауын орындап, бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.

Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер қылмыс үстінде ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ тіркелді. Ұсталған адам өзінің досы болып шықты. Күдікті қамауға аынды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне өткізіп алған.

 

Алдыңғы пост
Ақшадан қысылған Қазақстан азаматы ағзасын шетелде сатпақ болған
Келесі пост
Сүйген қызы қарамай қойған 37 жастағы ер адам өзін өртеп жіберді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu