Түркістан облысындағы Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кетті

175

Бүгін, 21 тамыз күні Отырар ауданы  Көксарай ауыл округіне қарасты Сырдария өзеніндегі көпірдің астында Көксарай ауылының тұрғындары суға батып кеткен. Оқиға отбасылық демалыс кезінде болған. Бұл туралы құтқарушыларға кешкі сағат 18-дер шамасында хабар келіп түскен.

Анықтау жұмыстары барысында 4 ағайынды отбасы мүшелерінің суға батқаны белгілі болған. Сырдария өзеніне демалуға барған азаматтардың жалпы саны – 20 адам. Соңғы мәлімет бойынша автокөлік көпірінің маңында 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен.

“Оқиға орнына құтқару тобы, Түркістан облысы әкімінің екі орынбасары, Отырар ауданы әкімдігі, АПБ, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер жедел жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша өзеннен 6 адамның денесі табылды, 5 адам іздестірілуде” делінген облыс әкімдігі таратқан мәліметте.

Денесі табылған 6 адамның 5-уі ересектер, 1-уі кәмелет жасына толмаған бала. Соңғы келіп жеткен ақпаратқа сүйенсек, суға батып кеткен тағы 2 адамның мәйіті табылған.

Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылып, қауырт желі жұмыс жасауда 8-7253-357881. Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 жүзу құралы және дрон жұмылдырылды.

 

Алдыңғы пост
Қазақстанда 7 мыңға жуық тоғызқұмалақ үйірмесі бар
Келесі пост
“Керегі жоқ”: Түркістан облысында 11 баласы бар ана АӘК алудан бас тартты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu