Алматыдағы өрт. Қаза тапқан Әсел Бекмұхаметованың отбасына көмек көрсетіледі

Теги: , , ,
458

Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде қаза тапқан Әсел Бекмұхаметованың отбасына  қажетті көмек көрсетіледі. Бұл туралы Алатау ауданы әкімдігі хабарлады.

Марқұмды жерлеу рәсімі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылында өтеді. Алматы облысының әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, марқұмның денесін тасымалдауға көмектесетін болады.

Алатау ауданының әкімдігі марқұмның отбасына қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетеді.

Еске салсақ, кеше Алматы қаласы «Ақкент» шағын ауданындағы 16 қабатты үйде өрт шықты. Барлығы 43 адам зардап шекті. Бір адам қайтыс болды. Көпқабатты үйдегі өрт бойынша 23 жедел жәрдем, соның ішінде 5 жансақтау бригадасы жұмылдырылды.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қаза тапқан Әсел Бекмұхаметова көптеген жарақат алған.

Өрт кезінде 80 адам құтқарылды. Сондай-ақ 200-ден астам адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 50 қызметкері мен 14 техникасы жұмылдырылды.

Алдыңғы пост
Шымкентте білім басқармасының лауазымды қызметкерлеріне үкім шықты
Келесі пост
Оқушы қыздар “ақылды” жылыжай жасап шығарды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu