Оқушы қыздар “ақылды” жылыжай жасап шығарды

Теги: , ,
206

Абай облысында 10-11 сыныптың жас өнертапқыштары жылыжайды автоматтандыруды ұсынады.

Оқушылар ұсынған жоба жылыжайда өсірілетін көкөністер мен жеміс-жидектерді суару технологиясын жеңілдетеді. Олар заманауи технологияны пайдалана отырып,  топырақ пен ауа ылғалдылығын, жылыжайдағы ауа температурасын бақылауды және топырақты қажеттілігіне қарай суаруды автоматтандырудың жолын тапты.

Arduino сандық бағдарламасымен жасалған «ақылды» жылыжай веб-интерфейсы арқылы басқарылады.

Жас өнертапқыштар командасының айтуынша, бұл шаруаларға су мен электр энергиясын үнемдеп қана қоймай, жылдың кез-келген мезгілінде ауаның қолайсыздығына қарамастан жақсы өнім алуға мүмкіндік береді.

Оқу-ағарту министрлгінің мәліметінше, оқушылардың мұндай технологиялық тәсілді ойлап табуына өңірдегі жаз мезгілінің қысқалығы мен ауа температурасының салқындығы себеп болған екен.

Алдыңғы пост
Алматыдағы өрт. Қаза тапқан Әсел Бекмұхаметованың отбасына көмек көрсетіледі
Келесі пост
Шымкентте халықтың 65 млн-нан астам ақшасын жымқырған киберқылмыстық топ сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu