Ана сүті баладағы интеллектінің жақсы дамуына әсер етеді

Теги: , ,
387

1990 жылдан бастап жыл сайын тамыздың бірінші аптасында Дүниежүзілік ана сүтімен емізу апталығы өтеді. Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, әр нәресте және басқа жас топтары дұрыс тамақтануға құқылы. Ана сүтімен емізу – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 170 ел, оның ішінде Қазақстан қабылдаған бағдарламасы.

Ана сүтімен емізу – баланың денсаулығы мен өмір сүруін қамтамасыз етудің ең тиімді әдістерінің бірі. Омырау сүті – нәрестелер үшін тамаша тағам. Ол қауіпсіз, зиянсыз және көптеген жалпы балалық шақ ауруларынан қорғауға көмектесетін антиденелерден тұрады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ана сүтін еметін нәрестелер интеллектуалды түрде жақсы дамиды. Артық салмақтан аз зардап шегеді және қант диабетіне бейім емес. Бала емізетін әйелдерде сүт безі мен аналық без қатерлі ісігінің даму қаупі де төмендейді.

Нәрестелерді туғаннан бастап 23 айға дейін оңтайлы ана сүтімен емізу жыл сайын бүкіл әлем бойынша 820 мың баланы құтқаруға мүмкіндік береді. Омырау сүтімен емізу – бұл ананың баламен эмоционалды байланысын күшейтетін, баланың психофизикалық дамуына жалпы қолайлы дамуды қамтамасыз ететін маңызды процестердің бірі.

Болашақ аналарды омырау сүтімен емізуге дайындау әйелдің жүктілік кезеңінде оның денесінің физиологиялық өзгерістерін, баланы кеудеге салу тәсілдерін және тамақтандырудың жалпы ережелерін түсіндіруден басталады.

Бүгінгі таңда елімізде  0-ден 6 айға дейінгі 180 мың бала тек ана сүтімен тамақтанады және 2 жасқа дейінгі 568 мың бала қосымша тамақтандырумен қатар омырау сүтін емеді.

Алдыңғы пост
Шымкентте халықтың 65 млн-нан астам ақшасын жымқырған киберқылмыстық топ сотталды
Келесі пост
Кентауда мазараттағы көктастарды кім бояп кеткені белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu