Шымкентте халықтың 65 млн-нан астам ақшасын жымқырған киберқылмыстық топ сотталды

Теги: , , ,
463

Шымкентте қазақстандықтардың есепшотынан 65 миллион теңгеден астам ақша жымқырған киберқылмыстық топ сотталды.

Тергеу амалдары интернет алаяқтардың құрбаны болған қала тұрғынының арызынан басталды. Банктің жалған қызметкерлеріне сенген азамат 4 миллион теңгесінен айырылған.

Өзін банк қызметкері деп таныстырған адам жәбірленушіге белгісіз нөмірден қоңырау шалып, оның қаржысына қол сұғу ықтималдығы туралы хабарлаған. Ақшасын сақтап қалу үшін телефон арқылы бірнеше онлайн операцияларды орындауын сұраған. Осылайша қала тұрғыны екі несие рәсімдеп, оларды белгісіз  шоттарға аударған.

“Тергеушілер аталған жайтты ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркеді. Іздестіру шараларына қалалық полиция департаментінің киберқылмыспен күрес жөніндегі арнайы тобы жұмылдырылды. Атқарылған бірқатар жедел жұмыстар қаскүнемдердің ізіне түсуге мүмкіндік берді. Қылмысты бүкіл ел бойынша әрекет еткен алаяқ топ жасағаны белгілі болды” деп хабарлады қалалық ПД.

Шымкенттің 6 тумасы жарты жылда 27 қазақстандықтың 65 миллион теңгеден астам қаражатын қолды еткен. Зардап шеккендердің арасында Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау, Орал, Қарағанды ​​және басқа да аймақтардың тұрғындары бар.

Полицейлер қылмыстық топтың 4 мүшесін Шымкент пен Түркістан облысының аумағында ұстаса, қалған 2-уі халықаралық іздеу нәтижесінде Ресейден табылды.

Тергеу барысында олардың әрқайсысының өз міндеті болғаны анықталды. Біреуі көшбасшы рөлін атқарған және өзгелерге тапсырмалар беріп отырған. Басқалары “дропперлерді” тапса, ал қалғаны түскен қаражатты банкоматтардан шешіп алумен айналысқан.

Полиция қылмыстық істің томдарын барлық дәлелдермен сотқа жіберді. Сот үкімімен алаяқтар үш жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

Алдыңғы пост
Оқушы қыздар “ақылды” жылыжай жасап шығарды
Келесі пост
Ана сүті баладағы интеллектінің жақсы дамуына әсер етеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu