Бас прокуратура: Балалар лагерінің директоры жұмыс орнында мас күйінде жүрген

Теги: , ,
468

Бас прокуратура еліміздегі балалар лагерьлеріндегі заң бұзушылықтар туралы хабарлады.

Ведомствоның ресми мәліметінше, Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і өз қызметін уәкілетті органдардың рұқсатынсыз, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы ережелерді бұзу арқылы жүзеге асырған. Әрбір екінші балалар мекемесінің ойын және спорт алаңдарында қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталған. Ескі жатын-орындары күрделі жөндеуді қажет етеді.  Бұл ретте 4 балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 немесе одан да көп адам орналастырылған.

Ал Қонаев қаласындағы «Бәйтерек»  лагерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына қайшы, балалардың демалысы мен білім алуы дұрыс ұйымдастырылмаған. Қапшағай су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар аталмыш лагерь директоры жұмыс орнында мас күйінде болған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 440-бабы).

Тексеру қорытындылары бойынша балалар лагерьлері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру (ҚК 140-бабының 2-бөлігі) басталды.

Алдыңғы пост
Соңғы үш жылда Қазақстанға келген экотуристер саны 2 есе артты
Келесі пост
«Бозарық» индустриялық аймағы жыл соңында іске қосылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu