Бес жылда жеті жүзден аса азамат тұрғын үй сертификатын алды

222

Шымкент қаласы бойынша  тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы 21 азаматқа, 2020 жылы 101 азаматқа,  2021 жылы 416  отбасыға қайтарымсыз негізде  бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары табысталған болатын. 2022 жылы 58 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген.

Атап айтсақ, Шымкентте мемлекеттік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болған тұрғын үй кезегіндегі 153 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді. Қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 67 көпбалалы отбасы, 13 толық емес отбасы, 69 ерекше бала асыраушы отбасы және 4 бюджеттік ұйым қызметкерлері  бар.

Тұрғын үй сертификатына өтінімдер www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылдануда.

Бұл жеңілдікке азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады.

Айта кетейік, бұған дейін, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға мемлекеттен тұрғын үй көмегі қарастырылған. Биылғы жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй көмегіне 33 млн. теңге қаржы 450 отбасыға төлеу жоспарланған. Жыл басынан бері 208 отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалды.

Көмек түрін алудың өзіндік шарттары бар. Тұрғын үй көмегіне үміткер меншік иесі болуы керек және меншігінде бір үйден (пәтер) артық баспана болмауы қажет. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін  өтініш  тиісті  құжаттармен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «e-gov» порталы арқылы қабылданады.

Талап етілетін құжаттар:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

2) жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

3) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

4) банктік шот;

5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер; (өтініш білдірген тоқсанның алдындағы түбіртектер).

6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесі.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен жайдан, көрсетілген телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт ш/а, Бәйтереков көшесі, 89 үй,  (29 каб)

Байланыс телефон нөмірлері: 8 (7252) 27-71-29 , +77058687255

Алдыңғы пост
«Бозарық» индустриялық аймағы жыл соңында іске қосылады
Келесі пост
Тұран ауданында 19 көшеге ирригациялау жұмыстары басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu