98
Апатты жағдай, Қонаев терминалының маңында орын алған. Яғни, Chevrolet Cobalt автокөлігі жоғары жылдамдықпен келіп, ақылы терминалдың бетон қоршауын соғып, одан кейін Hyundai Sonata-ға соғылған.
Соққының қатты болғаны соншалық бірнеше көлікке зиян келді. Салдарынан, Chevrolet Cobalt темір тұлпарының жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
Қазіргі таңда, тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.