Бүгін елімізде магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабаралуынша, барлығы 40 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырған. Оқуға түсушілердің 41%-ы немесе 16 мыңнан астам адам шекті балл жинаған. Олар грант конкурсына қатыса алады.
Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады.
“Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 11-20 тамыз аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни, болашақ магистранттар құжаттарын дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады” делінген министрлік мәліметінде.