Аса ірі мөлшерде есірткімен ұсталған шымкенттік жігітке сот үкімі шықты

Теги: , ,
228

Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткімен ұсталған 23 жастағы жас жігітке сот үкімі шықты.

Учаскелік инспекторлар қызмет атқару барысында адам аз жүретін көшелердің бірінде құбыр астынан әлде бір затты іздеп, тапқан олжасын бірден қалтасына жасырған күдікті жігітті байқаған. Олар мән-жайды нақтылау үшін 102 арнасына хабарласып, оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақыртқан.

Тәртіп сақшылары ер адамнан ұнтақ тәріздес заттар салынған 10 дана орама, жиналмалы пышақ және 1 дана трамадол дәрісінің пластинкасын тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған ұнтақ «а-PVP» психотроптық заты екені расталды.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.Анықталғандай, 23 жастағы жергілікті тұрғын «Телеграмм» арнасы арқылы жұмысқа орналасып, бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша есірткі қойып кетумен айналысқан. Қызметі үшін ақыны электронды түрде алып отырған.

“Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Алайда жинақталған айғақтардың жеткілікті болуына байланысты сот оны кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады” деп хабарлады қалалық ПД.

Алдыңғы пост
Алдағы оқу жылы 25 мамырда аяқталатын болды
Келесі пост
Шымкентте үшем дүниеге келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu