Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен қолға алынған «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» жобасына биыл 1,4 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Бүгінде ерекше креативті бизнес идеясы немесе аяқтан тұруды қажет ететін кәсібі бар бастамашыл 215 жобаға 516,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. Оның ішінде шағын несиелендіру бойынша 497,8 млн. теңгеге 204 жоба, жалдау ақысын өтеу бойынша 18,5 млн. теңгеге 11 жоба мақұлданды. Шымкент қаласы кәсіпкерлік саланы дамыту бойынша елімізде алдыңғы озық қалалардың қатарында.
Айта кетсек, «Іскер қала» өңірлік бағдарламасының ерекшелігі жас және әйел кәсіпкерлер үшін жылдық 1%-бен 10 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Сонымен қатар, өнеркәсіптік парктерді дамыту мақсатында кәсіпкерлерге тоқтап тұрған өндірістік кәсіпорындардан өнеркәсіптік алаңдар беріледі. Өнеркәсіптік парк аумағында өз жобасын іске асыру үшін 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер алуға болады.
Жыл басынан бері қалада кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Іскер қала» бағдарламасы аясында 153 жобаға 412 млн. теңгенің қолдауы көрсетілді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.
Бағдарламада жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 1 пайыздық мөлшермен 10 млн. теңгеге дейін несиелендіру, өндіріске бағытталған 2 пайыздық мөлшермен 50 млн. теңгеге дейін несие беру қарастырылған.
Сондай-ақ жергілікті бюджеттен шағын кәсіпорындардың өнеркәсіптік парктердегі үш жылдық жалдау ақысының шығындарын 25-75% дейін өтеу тетігі де қамтылған. «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 33 мыңға жуық кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға қолдау көрсетілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде, бүгінге қалада белсенді кәсіпкерлік нысандар саны 124 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 52 пайызға артты. Айта кетейік, «Іскер қала» кәсіпорындардың жалдау ақысының 75 % мемлекеттен төленеді
Бағдарлама аясында 216 жобаға қолдау көрсетіліп, 568 жаңа жұмыс орындары ашылды. Республикада алғашқылардың бірі болып, қаладағы барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды. 500 орындық жаңа заманауи Оқушылар сарайы құрылысы пайдалануға берілді.