Қала әкімі жауаптыларға тұрғындардың талап-тілегін тез арада шешуді тапсырды

222

Қала әкімі бүгін кезекті қабылдауын өткізді. Біріңғай қабылдауға 200 ден астам тұрғын, түйткілді мәселелерін арқалай келген. Олардың басым көпшілігі оқу жылы қарсаңында балаларының мектеп формасына, оқулықтарға қатысты қажеттіліктерін жеткізді. Осы ретте білім басқармасының қызметкерлері азаматтар тарапынан түскен өтініштерді бір- бірден тыңдап шешімін табуға тырысты. Сонымен қатар, тұрғындарға мемлекеттік қолдаулар туралы толығырақ түсіндірді.

Біріңғай қабылдауда қалалық прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ,  қабылдаудан кәсіп бастап, қаланың әлеуметтік дамуына үлес қосамын деген азаматтар да табылды. Олар, өз бизнесін  дөңгелетіп,  шағын және орта кәсіп ашпақ. Осыған орай, тұрғындарға шағын несие алудың жаңа шарттары, қайтарымсыз грант талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тіпті, мамандар қала аумағында табысты саналатын кәсіп түрлері бойынша пайдалы кеңестер де ұсынды.

Бұдан бөлек, инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы сұрақтар да назардан тыс қалмады. Яғни, газ, су, кәріз желілерін тарту, жол жүргізуге қатысты талап-тілектер  бойынша тиісті басқармаларға тапсырма берілді.

Қала әкімі ай сайын бірыңғай қабылдау өткізгенімен, тұрғын үй, жер телімі мәселелерімен қатар әлеуметтік көмек бойынша өтініштер күн тәртібінен түскен емес.  Аталған мәселелер бойынша тиісті басқарма мамандары түрлі бағдарламалармен таныстырып, мемлекеттік қолдауларды жан-жақты түсіндіріп берді.

Десе де, қала әкімі М.Әйтенов, жауаптыларға азаматтардың талап-тілектеріне қатысты шешімдерді шұғыл түрде шығаруды тапсырды. Сонымен қатар, кейбір өзекті мәселелерді дер кезінде өзі реттеп берді.

М.Дүйсенбекұлы орынбасарларына, басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне қабылдауда көтерілген барлық өтініштер бойынша тиісті зерделеу жұмыстарын жедел түрде жүргізіп, азаматтармен кері байланыс жасауды тапсырды. Сондай-ақ талап-тілектерді заң шеңберінде қарастырып, халықтың тұрмысын түзеу, өмір сапасын арттыру жолында  бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі, Мұрат Әйтенов әр айдың бірінші сәрсенбісінде дәстүрлі түрде біріңғай қабылдау өткізеді. Таңғы сағат 9-00 ден бастап, кешкі сағат 18-00 ге дейін жалғасады.

Алдыңғы пост
«Іскер қала» бағдарламасы арқылы 215 жоба мақұлданды
Келесі пост
Қысқа дайындық: тазалық жұмыстарына қосымша арнайы техникалар алынады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu