434
Шымкентте «112» құтқару қызметіне 3 шағынаудандағы №13 көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде есік ашылмай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жедел-құтқару жасақтың құтқару қызметкерлері сатыны қолданып, пәтерге терезеден кіру арқылы есікті іштен ашып берді.
Пәтер ішінде қарт әже еденге құлап, өздігінен тұра алмаған. Құтқарушылар әжеуге көмектесіп, орнына жатқызды. Хал-жағдайын сұрастыра келе, медициналық көмек керек еместігі анықталды. Зейнеткер пәтерге келген туыстарына тапсырылды.