99 адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болған

210

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда. Ведомство баспасөз қызметінің дерегінше, жыл басынан бері шетелдік (Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей) және Қазақстан азаматтарының жалған және өзгенің құжатын қолдануының 99 фактісі анықталған.

Шекаралық аймақта 4 238 шекара режимін бұзушы ұсталды.  1,9 млрд теңгеге жуық сомадағы валюта, алтын және басқа тауарлардың тасымалдануына жол берілмеді.

Қару мен оқ-жарақты өткізудің 66 әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз миграцияның 4 арнасы бейтараптандырылып, бұл қылмысқа қатысы бар 6 адам ұсталды.

Ұсталған құқықбұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Келесі пост
Шымкенттегі бір ауданда биыл 70 көшеге асфальт төселеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu