Енді жүргізуші куәлігін алу қиындай түседі

Теги: , ,
442

Жүргізуші куәлігіне емтихандарды тапсыру ережелері антикор мониторингінен кейін өзгертіліп, оны беру рәсімі күшейтілді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп арнайы ХҚКО қызметіне мониторинг жүргізді. Оған себепкер бірнеше жыл бойы көлік құралдарын заңсыз ресімдеумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істер болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында автокөліктерді заңсыз тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру шарттары анықталған.

Ақпараттық жүйелердің осалдығы, процестерді жеткіліксіз цифрландыруы, автокөлікті тіркеу рәсімінің жетілдірілмегендігі, емтихандарды қабылдау рәсімінің құқықтық олқылықтары, автомектептерде атүсті оқыту – осы факторлардың барлығы заңсыз делдалдық қызметтердің пайда болуына ықпал еткен.

Антикор мәліметінше, мониторинг нәтижелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі уәкілетті мемлекеттік органдардың атына 22 ұсыныс жолдаған. Қазіргі таңда ұсыныстардың жартысынан көбі орындалған. Мәселен, ІІМ өзінің барлық аумақтық бөлімшелерінде автокөлік құралдарының дерекқорын түзетуге қолжетімділікті жапты. Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізуші куәліктерін беру рәсімі күшейтілді. Онда емтихан алушылардың міндетті биометриясы мен тестілеудің барлық процесін бейнетіркеу енгізілді, емтихандарды қайта тапсыру регламенті өзгертілді.

Пилоттық режимде арнайы ХҚКО мен ІІМ-де жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды. Жүйеде автомобильдердің деректерін, міндетті төлемдер мен алымдарды, айыппұлдарды автоматты цифрлық салыстыру тетіктері көзделген, кез келген түзетулер үшін мүмкіндіктер алынып тасталды. Сонымен қатар, арнайы ХҚКО қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне жатқызу ұсынылды. Заң жобасы ҚР Парламентінде қаралып жатыр.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды ресімдеуге көмек ұсынатын тұлғалар әлі де болуы мүмкін. «Көмекшілердің» заңсыз қызметтеріне жүгінбеуіңізді сұраймыз. Егер сіз осындай фактілерге тап болсаңыз, онда антикордың 1424 қысқа нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз. Арнайы ХҚКО қызметіндегі сыбайлас жемқорлық факторларын жою антикоррупциялық қызметтің бақылауында.

Алдыңғы пост
Шымкенттік құтқарушылар пәтерде жалғыз өзі қалып қойған қарт тұрғынға көмектесті
Келесі пост
Ақмолада бүтін бір отбасы мүшелері жол апатынан мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu