362
Оралда сауда үйлердің біріндегі аяқ киім сататын дүкенде ұрлық жасаған бойжеткен оңбай ұсталды. 20 жасар қыз алғашында бутиктен ер адамның аяқ киімін киіп қарап, артынша бекітілген магнитін қиып жіберіп киіп кеткен. Келесі күні тағы да сол бутикке келіп, арам пиғылын жасырмақ болған. Алайда бұл жолы жас қыздың ойы іске аспай, ұсталып қалды.
2002 жылы дүниеге келген бойжеткен дүкеннен ұрлаған аяқ киімдерді сатып, түскен ақшаны өз қажеттілігіне жаратпақ болғаны анықталды.
Полицейлер аталған деректі Қылмыстық кодекстің 187-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеді.