Шымкент прокуратурасы: Балалар лагерьлерінде бірқатар кемшіліктер анықталды

Теги: , ,
332

Шымкент қаласының прокуратурасы балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметінде олардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін кемшіліктерді анықтағанын хабарлады.

Атап айтқанда, “Hawaii” лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және міндеттелген  санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жүзеге асырған. Соған қараммастан биыл бұл лагерь 478 баланы орналастырған.

Ең көбі 220 баладан аспайтын “Үш бұлақ” лагерінде 310 оқушы орналастырылған, тиісінше бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған.

“Сонымен қатар лагерьлердің көптеген қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істеген. Медициналық қызметтерді біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификатынсыз қызмет көрсетуде. Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ” делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, мұндай тексеру іс-шаралары әлі де жалғасуда. Нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады.

Алдыңғы пост
Шымкентке келген астаналық жігіт 30 скутерді жалға алып, сатып жіберген
Келесі пост
“ҰҚК қызметкерімін”. Тараздық жігіт пәтер иесін 16 млн шығынға батырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu