“ҰҚК қызметкерімін”. Тараздық жігіт пәтер иесін 16 млн шығынға батырды

Теги: , ,
223

Таразда 16 миллион теңгеге жуық алаяқтық қылмысын жасады деп күдікпен ер адам ұсталды.

Жәбірленуші жергілікті тұрғынның айтуынша, 2022 жылдан 2023 жылға дейін пәтерін жалға алған ер адам өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырған. Содан алдау арқылы сеніміне еніп, оның ақшасын пайыздық қарыз түрінде иемденгені туралы шағымданған. Бұдан өзге ол ұлын мемлекеттік қызметке орналастыруға және сот ісін жүргізуге көмектесуге уәде берген. Келтірілген шығын 15 936 930 теңгені құрады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ретінде облыс орталығының 26 жастағы жұмыссыз тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкент прокуратурасы: Балалар лагерьлерінде бірқатар кемшіліктер анықталды
Келесі пост
80 мыңнан астам адам әйелдерге арналған вагондардың жолаушысы болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu