400
Шымкентте төрт тәулік ішінде 70-тен астам автокөлік айыптұраққа қойылды.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полицейлер қала көшелерінде орын алған 4475 жол ережесін бұзу жайттарын анықтады. Оның ішінде, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін -758 тұлға, тізгінде отырып ұялы телефон қолданғаны үшін 256 жүргізуші және жол жүрісі қағидаларын бұзған 770 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
“Бұдан өзге мас күйде көлік басқарған 14 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен жауапкершілікке тартылса, тағы 74 автокөлік айып тұраққа қойылды” делінген полиция мәліметінде.