Шымкентті күн сайын 1273 жұмысшы қоқыстан тазартады

351

Әр күн сайын 1273 жұмысшы миллион тұрғыны бар Шымкентті тазалауға шығады. Олар екі ауысымда жұмыс істейді және әрбір белгіленген аумақ, көшені қоқыстан мұнтаздай етіп тазалайды.

Ең алдымен қаладағы магистральді көшелердің бойын тазалау міндеттелген. Яғни, қаладағы 433 магитральды көшенің қоқысы таңғы сағат 6.00-де басталып, түскі сағат 14.00-ге дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, жауын-шашын салдарынан су басудың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстардан тазаланады.

Сонымен мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында 5 ауданнан аталған жұмыстарға күнделікті Абай ауданынан 391 жұмысшы, 22 техника, Әл-Фараби ауданынан 133 жұмысшы, 11 техника, Еңбекші ауданынан 250 жұмысшы, 17 техника, Қаратау ауданынан 375 жұмысшы, 43 техника және Тұран ауданынан 124 жұмысшы, 11 техника жұмылдырылады.

Қаламызды таза ұстау – әрбір тұрғынның өз қолында. Аула таза болса, қала таза болады, сондықтан аула алдын, көше бойын бей-берекет қоқыс ластаудан бойымызды аулақ ұстайық!

Егер қала тазалығына қатысты сұрақтарыңыз болса, төмендегі нөмерге хабарласуға болады:

Әл-Фараби ауданы бойынша

«Таза өлке» мердігер мекемесі: +7 (747) 395-57-90

Абай ауданы бойынша

«Kaz Stroi Service capital» мердігер мекемесі +7 (707) 934-13-70

Тұран ауданы бойынша

«ШымкентСпецКомплекс» мердігер мекемесі: +7 (747) 395-57-90

Еңбекші ауданы бойынша

«Группа Интеко» мердігер мекемесі +7 (778) 566-69-56

Қаратау ауданы бойынша

«Жасыл жер» мердігер мекемесі; +7 (705) 983-00-00

Айта кетейік, Шымкентте коммуналдық қалдықтар мәселесін шешу үшін қоқыс өңдеу зауытын салу қажеттігі туындаған болатын. Қазір қалдықтарды өңдеу зауытын салуға қатысты Испания, Қытай, Германия инвесторлары тарапынан ұсыныстар түсуде. Қытай компаниялары қалдықтарды өртейтін зауыттың құрылысын салуды көздесе, Германия инвесторлары  полигон салуға қажетті заманауи материалдар ұсынуда. Әлемге әйгілі AUDITORES ENERGETICOS AFN (AEN) компаниясының өкілдері коммуналдық қалдықтарды өңдеудің терең технологиясын енгізуге қызығушылық танытып отыр.

Жобада қала аумағынан жиналатын қалдықтарды 95 пайызға өңдеу, полигондағы қалдықтарды қайта өңдеу арқылы электр энергиясын өндіру қарастырылған. Бүгінде бизнес өкілдерінің ұсыныстары қаланың ерекшелігіне қарай сарапталуда.

Айта кетейік, қазір қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы 1,5 млн тонна дұрыс көмілмеген және 250 мың тонна бей-берекет шашылған қоқыстарды көму жұмыстары толық аяқталды.

Бұл бағыттағы жұмыстарға 24 техника жұмылдырылып, экологиялық талаптарға сай жалпы көлемі 300 мың м3 топырақ төселді.

Алдыңғы пост
Сырдария өзенінде батып кеткен 9 адамның жаназасы шығарылды
Келесі пост
Шымкентте шағын несие алған кәсіпкер жұп өнер мектебін ашты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu