Шымкентте шағын несие алған кәсіпкер жұп өнер мектебін ашты

189

Қала тұрғындары Шалқарбек Бақтыбай мен Гүлжанат Орманова Тұран шағын ауданынан «OSSA» өнер мектебін ашты. Кәсіпкерлер жастарға арналған 2,5 пайыздық несие алып, музыкалық аспаптар мен құрал-жабдықтар сатып алған. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен орталық бүгінде 500-ге жуық баланы түрлі үйірмелермен қамтуда. Ұстаздар құрамы Ш.Қалдаяқов атындағы филармония мен саз колледжінің білікті мамандарынан құралған.

– Жаңадан бой көтеріп жатқан ауданға көшіп келгенімізде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыратын орталық болмай, қатты қиналдық. Содан жолдасымыз екеуміз өнер мектебін ашуды ойластырдық. Әрине, бастапқы кезеңде сенімсіздік басым болатын. Бірақ, қазір мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде батыл шешім қабылдағанымызға қуанамыз – дейді жас кәсіпкер Гүлжанат Орманова.

Шымкент қаласында биыл 261 азаматқа жастарға арналған жеңілдетілген несие беру жоспарланған.  Сенімді өкіл ретінде «Агронесие корпорациясы» АҚ белгіленіп, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен тапсырма шарты түзілген. Жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады. Бүгінгі таңда 278 құжат қаралып, 129 адам оң қорытындысын алған. Оның ішінде 85 азаматқа шағын несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін жүргізуде.

Жалпы, Шымкентте биыл 261 адамға жастарға арналған  шағын несие беру жоспарланған. Бүгінгі таңға комиссия мүшелері  278 құжат қарап, 129 азамат оң қорытынды алған. Оның ішінде 52-не  несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін бастап үлгерген. Жастарға арналған  жеңілдетілген несие 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарға арналған.

Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені , мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады.  Мемлекеттік қолдау жас кәсіпкерлердің кәсібін дөңгелетуіне зор мүмкіндік. Өтінімді   «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Қонаев даңғылы, 3/3.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. жеке басын куәландыратын құжат;

2. жоба бойынша бизнес-жоспар;

3. қызмет көрсететін банк шотын растайтын анықтамалар;

4. қаржы ұйымдарынан (несие болған жағдайда) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешек туралы анықтамалар;

5. қатысушының/үміткердің жалақысын және өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме);

6. кепіл мүлікті бағалау туралы есеп;

7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Шағын несие беру туралы шешімді комиссия қабылдайды. Комиссия   мүшелігіне мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының, БАҚ өкілдері кіреді.

Үміткерлер бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық тұрғыдан негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең болуы шарт.

Алдыңғы пост
Шымкентті күн сайын 1273 жұмысшы қоқыстан тазартады
Келесі пост
Шымкентте желатин өндірісі дамиды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu