«Бәйдібек би-Арғынбеков» үш деңгейлі жолайрығы кезең-кезеңімен ашылуда

346

Шымкент қаласында Бәйдібек би-Арғынбеков күре жолы қиылысындағы үш деңгейлі жолайрықтың құрылысы қазір қарқынды жүргізіліп жатыр. Жолайрық салу барысында графиктік кестенің сәйкестігі мен сапасын қадағалау мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс нысанын аралап шықты.

Мұрат Дүйсенбекұлы құрылысқа қатысты нақты ескертулер жасап, ел игілігіне берілетін нысанның жұмыстарын атқару кезінде сапаға деген жауапкершілік ең маңызды екеніне тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында жолайрықтың Арғынбеков көшесіндегі тұсы ашылған болатын. Ал 10 шілде күні Арғынбеков көшесінен келе жатқан көлік ағынына, сондай-ақ Бәйдібек би даңғылына түсетін оң жақ өткелдің көлік қозғалысына жол ашылды. Құрылыс жұмыстарын осылай ыңғайластыра отырып, көлік кептелісін азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен ашылуда. Ал, жолайрық құрылысын толық аяқтап, көліктің барлық бағыттағы қозғалысын түгел қамту биылғы жылдың соңына жоспарланып отыр.

Соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жолайрық пайдалануға берілді. Биылғы жылы қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға беру көзделіп отыр.

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз брифингте мәлімдеді. Мұрат Дүйсенбекұлы халықты инфрақұрылыммен қамтуда бірінші кезекте, ауыз су, электр, табиғи газ мәселесін шешуге көңіл бөлінгенін жеткізді. Аталған мәселелер шешімін тапқан соң көлік инфрақұрылымын дамытуға мән беріліп жатқанына тоқталды.

Салаға ауқымды қаражат қажет етуіне байланысты ірі жобалар кейінгі жылдарға шегеріліп келді. Көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттың көлемін биыл 38,0 млрд теңгеге жеткізіп, 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайтылды – деді қала әкімі.  Нәтижесінде мегаполисте жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 2018 жылғы 54 пайыздан биыл 71 пайызға жеткізу көзделуде.

Алдыңғы пост
Шымкент әкімі Өтегенов көшесі бойындағы жол құрылысын қадағалады
Келесі пост
Тұрғын үй кезегіне қатысты мемлекеттік қызметтер мен мәліметтер ашық жарияланады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu