Тұрғын үй кезегіне қатысты мемлекеттік қызметтер мен мәліметтер ашық жарияланады

215

Шымкент қаласы бойынша биылғы жыл басынан бері арендалық баспанамен қамтылған азаматтар тұрғын үй кезегінен шығарылып, түгендеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда. көпбалалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы және бюджеттік ұйым қызметкерлері санаты арқылы баспанамен қамтылған азаматтар тізімнен алынып, тұрғын үй кезегі айтарлықтай алға жылжыды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының шешімімен арендалық баспанамен қамтылған азаматтар тізімі басқарманың ресми сайтында  жарияланған. Ол үшін мына төмендегі сілтемеге өтіңіз: (https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/documents/details/502876?lang=kk)

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметі республика бойынша kezekte.kz электрондық порталы арқылы іске асады.

Аталған электрондық порталдың кезектілік серпіні ашық түрде жүргізіледі. Кез келген қызметті алушы кезекте тұрған, тұрғын үймен қамтылған азаматтар туралы мәліметтерді білуге және өз кезегінің жылжу ретін толық көруге мүмкіндігі бар.

Биыл жыл басынан бері түрлі санаттар бойынша кезек реттілігі әр түрлі орналасқан 2700-ден аса азамат кезектен шығарылған. Оның ішінде 168 азамат арендалық бағытта  шілде айында тұрғын үй  комиссиясының шешімі бойынша тұрғын үймен қамтылғандар. Айта кету керек, кезек  реттілігінің тікелей жылжуы  арендалық бағытта баспанамен қамтылған азаматтарды кезектен шығару арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында жыл соңына дейін  мемлекеттік бағдарлама аясында 324 арендалық пәтер тұрғын үй кезегі  келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, көпбалалы отбасыларға сонымен қатар  жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге, ал  888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға қолдынысқа беру көзделген.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әр түрлі санаттар бойынша тағы 505 отбасыны қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл бойынша тиісті мекемеге ұсыныс  беріліп, жұмыстар атқарылуда. Осылайша биыл тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға табысталатын пәтер саны артпақ.

Сонымен қатар биыл Отбасы банк арқылы несиелік негізде 1732 отбасыны  баспанамен қамту жоспарланып,  қазір 973  азамат ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болды. Оның ішінде  “5-20-25” бағдарламасы бойынша 609 пәтер, “2-10-20 Бақытты отбасы” бойынша -293 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы  – 71.

Алдыңғы пост
«Бәйдібек би-Арғынбеков» үш деңгейлі жолайрығы кезең-кезеңімен ашылуда
Келесі пост
Су жиналу қаупі бар 58 орын анықталып, ирригациялық жұмыстар жүргізілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu