Шымкенттік полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп әрең ұстады

Теги: , , ,
340

Шымкентте полицейлер түнгі уақытта қала көшелерін патрульдеу кезінде Тәуке хан даңғылының бойында Chery Tiggo автокөлігін тоқтатқан. Тәртіп сақшыларында жүргізуші мас күйде болуы мүмкін деген күдік туған.

Алайда көлік тізгіндеген азамат тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынудан түбегейлі бас тартып, жылдамдықты барынша асыра қашып құтылуға тырысқан. Ер адамның бұл әрекеті жол қозғалысына қатысушы өзге де тұлғалардың өміріне үлкен қауіп төндірген.

Автоэкипаж қызметкерлері көмекке әріптестерін шақырып, жауапкершіліктен жалтармақ болған жүгенсіз жүргізушінің соңына түсіп,  заң бұзушыны Рысқұлов көшесінің бойында ұстады.

Ер адам алкогольді ішімдік ішу дерегін анықтау үшін медициналық тексеруден өтуден бас тартыпты.

“Аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігі (Полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) және осы баптың  4-бөлігі (Масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау) бойынша хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Сот шешімен азамат 15 тәулікке қамауға алынып, 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды” делінген полиция хабарламасында.

Алдыңғы пост
Сырдария өзеніне батқан 11 адамның соңғысының денесі табылды
Келесі пост
Елімізде кілем өндірісі төмендеп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu