355
Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды. Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі бүгін жарияланды.
Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Тізіммен Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми парақшасынан танысуға болады.
Айта кетейік, республикалық комиссия құрамында Парламент депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 2023 жылғы 28 тамызға дейін жалғасады.