Магистратура грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

Теги: , , ,
179

Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды. Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі бүгін жарияланды.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Тізіммен Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми парақшасынан танысуға болады.

Айта кетейік, республикалық комиссия құрамында Парламент депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 2023 жылғы 28 тамызға дейін жалғасады.

Алдыңғы пост
Елімізде кілем өндірісі төмендеп кетті
Келесі пост
Антикор: «ТЖМ қызметкерлері пара алуды тоқтатар емес»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu