Шымкент тұрғыны денсаулығына алаңдап, ақыл айтқан інісін пышақтап өлтірген. Содан күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
102 арнасына кісі өлімі туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту бойынша мекенжайға жеткен полиция қызметкерлері үйдің ауласынан зорлық белгілері бар ер адамның өлі денесін тапқан.
Жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде інісінің кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Күдіктіні іздеу үшін жедел уәкіл мен кинолог маманы дереу қызметтік итті ертіп, үй маңында орналасқан темір жол жақты іздеуге шыққан. Полиция иті Грей бірден із алып, күдіктінің ізіне түскен. Қызметкерлер ер адамды қамауға алды.
Ағайындылар арасындағы жанжал марқұмның бауырына есірткіні қолдануды тоқтату керек деген ақылынан басталған екен.
“Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады” деп хабарлайды полициядан.