Елімізде 3,2 млн астам жұмыскердің өмірі сақтандырылған

Теги: , ,
157

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 3,2 млн-нан астам жұмыскер өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды іске асыратын тиісті шарттар кәсіпорындардың 53,1 пайызында жасалған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, өңірлердің мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы 125 мыңнан астам хабарлама жолдаған. Тиісті шарттардың болмауы осы кәсіпорындарға тексерулер жүргізу үшін профилактикалық бақылау тізімдеріне автоматты түрде қосу үшін негіз болады.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті екенін естеріңізге сала кетейік. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Алдыңғы пост
Шымкентте ақыл айтқан інісін ағасы пышақтап өлтірген
Келесі пост
Ақтөбеде пәтер өртеніп, 40 адам эвакуацияланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu