318
Шымкентте жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді. Қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері 37 жастағы қала тұрғынына кесір тілігін жасап, босандырып алған.
Жас ана осыған дейін 5 баланы өмірге әкелген. Үшемнің салмағы екі келіден жоғары. Сарсенбековтер әулетінде дүниеге келген үш сәбиге туыстары Амина, Хадиша, Мұхамммед деген есімдерін берген.
Әкімдіңтің мәліметінше, сәбилердің денсаулығында ешқандай ақау жоқ. Осыған дейін мамандардың бақылауында болған нәрестелер анасымен бірге үйіне шығарылды. Қазіргі уақытта босанған әйелдің де сәбилердің де жағдайы жақсы.
Айта кетейік, бұл қалада жыл басынан туылған үшінші үшем. Жалпы биыл мегаполисте 20 мыңнан астам бала дүниеге келген.