Шымкент халқының әлеуметтік мәселелері шешіледі ме?

340

Әлеуметтік салада басты мақсаттардың бірі тұрақты жұмыспен қамту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру. Осыған байланысты Мемлекет басшысы, әр  өңірдің әкімдеріне нақты тапсырма берген болатырн. Яғни, қаламыздағы әрбір 10 000 тұрғынға шаққанда 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы берілген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес, жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді.

“Ағымдағы жылы 57 мың адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілуі жоспарланған, оның 42 мыңы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі тиіс.  Жыл басынан бері 14 мыңнан астам адам тұрақты негізде жұмысқа орналастырылды. Соңғы жылдары Жұмыспен қамту шараларын күшейтудің арқасында әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға қысқарып, 10 794 отбасын құрады”, – деді шахар басшысы ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында 33 500 адамды жұмысқа орналастыру қарастырылған, бүгінгі таңда 20 мыңға жуық адам қамтылған. Сондай – ақ, қалада іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде, сондай – ақ дара кәсіпкерлердің қатысуымен ағымдағы жылы 23 420 жұмыс орны құрылады (тұрақты-22 044, уақытша-1376). Қазірдің өзінде 10 043 жұмыс орны құрылды.

Қалада 2025 жылға дейін жеке инвесторлар есебінен 800 орындық жаңа заманауи перзентхана мен клиника салу, алты медициналық орталық ашу жоспарлануда. Өткен жылы қалада жеке инвестордың есебінен сәулелік терапия орталығы ашылды, ол қатерлі ісікті бастапқы сатысында анықтауға және алдын-ала емдеуге мүмкіндік береді.

“Биыл жеке инвесторлар есебінен үш жаңа медициналық орталық ашылды. Соңғы төрт жылда 12 жеке медициналық орталық пайдалануға берілді, қаланың мемлекеттік емханаларына жүктеме 30% – ға төмендеді.

Жалпы, соңғы бес жылда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасының деңгейі 67% — дан 79% – ға дейін өсті”, – деді Шымкент әкімі.

ОКҚ брифингінде Малышева клиникасының ашылуымен байланысты жағдайға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түсініктеме берді. Ол журналистерге олардың жаңа медициналық мекемеге ие болатынын білмейтінін және жергілікті билік бұған рұқсат бермегенін және маңдайшалар заңсыз ілінгенін айтты.

“Бұл мердігер тарапынан мемлекеттік лицензия немесе басқа құжаттар туралы өтініш болған жоқ. Ол ономастикалық комиссияның рұқсатынсыз белгіні іліп қойды”, – деді Әйтенов.

Заңсыз жарнама қойылған “Жарнама туралы” заңға сәйкес, ол маңдайша алынып тасталынды. Атап айтқанда, қала тұрғындары ондағы барлық жазулар тек орыс тілінде болғанына наразы болды.

Алдыңғы пост
Шымкенттен келген дәрігер Алматыға ұшқан ұшақтың жолаушысын құтқарды
Келесі пост
Шымкентте инфрақұрылым мәселелері біртіндеп шешіліп келеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu