Шымкентте инфрақұрылым мәселелері біртіндеп шешіліп келеді

229

Мұрат Әйтеновтің айтуынша, жалпы қалада 297 мың шымкенттікке ауыз су, 308 мыңға электр энергиясы және 257 мың тұрғынға табиғи газ жеткізу мүмкіндігі болмаған. Осындай күрделі мәселені шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаланы заманауи инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспары әзірленді.

Мәселен, бес жыл бұрын Шымкентте ауыз судың жалпы тұтынылуы тәулігіне 273 мың текше метрді құраған болса,  бүгінде халықтың қажеттілігі 323 мың текше метрге дейін өсті.  Электр энергиясымен де дәл осындай жағдай. Бұрын қала тұрғындары тәулігіне 330 мВт пайдаланған, ал қазір негізгі қажеттілік 455 мВт құрайды. Соынмен қатар, Шымкенттіктер тәулігіне 180 текше метр газ тұтынатын еді. Қазіргі таңда қажеттілік 270 мыңға дейін өсті.

“Жолдардың сапасы бойынша да бірнеше өзекті мәселелер болды. Осыған байланысты қаланы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша арнайы жол картасы әзірленді. Жоспар Үкіметтің қолдауымен қарқынды жүзеге асырылуда. Соңғы 5 жылда инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелерді салуға бюджеттен 191 млрд теңге бағытталды, оның 87% – ы немесе 166 млрд теңгесі соңғы үш жылда бөлінді. Нәтижесінде қуаттылығы тәулігіне 364 мың текше метр болатын магистральдық су құбыры салынды. Жалпы қуаты 490 мВт болатын төрт электр қосалқы станциясының құрылысымен электр энергиясының тапшылығы мәселесі 2025 жылға дейін шешілетін болады. Біз сондай-ақ газдандыру саласында оң нәтижелерге қол жеткіздік. Жаңа АГРС құрылысының арқасында тұтынылатын газ қуаты тәулігіне 430 мың текше метрге жетеді”, – деді Мұрат Әйтенов.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98% – ға, электрмен жабдықтау — 98% – ға, табиғи газбен қамтамасыз ету-94% – ға жетті. Биыл елді мекендерді ауыз сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі, ал 2025 жылы қала халқы 100% көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.

Айта кету керек, Шымкентте соңғы бес жылда 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Соңғы екі жылда олардың екі миллионы тұрғызылып, қажетінше пайдалануға берілуде.

“Енді біз жыл сайынғы тұрғын үй көлемін екі миллион шаршы метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін алдымен құрылыс алаңын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет”, – деді қала әкімі.

Тұрғын үй кешенін салу үшін құрылыс алаңдары анықталып, инженерлік жүйелерді жобалау жұмыстары басталды.

Алдыңғы пост
Шымкент халқының әлеуметтік мәселелері шешіледі ме?
Келесі пост
Шымкентте “Қазақстанның үздік тауары-2023″байқауының өңірлік іріктеу кезеңі басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu