«Түнгі қызмет пе?» Патрульдік көлікпен 2 жас қызды тасыған полицейлердің видеосы пайда болды

Теги: , ,
298

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің екі жас қызды қызметтік көлікке отырғызып алған сәтінің видеосы пайда болды. Бейнежазбаны желіге жүктеген автордың мәліметінше, видео Шымкенттегі Бәйдібек би ескірткіші орнатылған демалыс аумағында түсірілген.

«Түнгі көбелектер ме, әлде мен дұрыс түсінбедім бе?» деп жазды автор.

Шымкент полициясы аталған видеоға қатысты түсінік берді. Бұл жайт 22 тамызда кешкі уақытта болған. Әкімшілік аумақта қызмет атқару кезінде Тұран аудандық ПБ патрульдік полиция полкінің автоэкипаж инспекторларынан екі қыз көмек сұраған екен. Қыздар саябақта белгісіз ер адамдар оларға тиіскенін хабарлап, ауызша арызданыпты.

«Арызданушылармен бірге жақын маңдағы аумақтарды аралаған тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды таппай, қыздардың өтініші бойынша оларды қауіпсіз жерге түсіріп кеткен. Полиция әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұрайды» деп атап өтті ведомстводағылар.

Алдыңғы пост
Дүкеннен кофе сатып алмақ болған ер адам көлігінен айырылды
Келесі пост
Биыл жазда 176 адам суға батып көз жұмған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu