Тұранда жаңа спорт, ойын алаңшалары пайда болды

188

Қала әкімі М.Әйтеновтің елдімекендердің инфрақұрылымы және баршаға қолжетімді спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы аумағы кезекті  жаңа спорт алаңшасымен толықты.

Аудан аумағына қарасты Тұран шағын ауданындағы Алатау батыр көшесіне ашық спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталып, таяуда тұрғындар игілігіне пайдалануға тапсырылды. Спорт – елімізде денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақты өсіріп шығарады.  Спорт саласының дамуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып келеді. Қаламызда бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы жыл сайын қала аумағын абаттандыру барысында жаңа спорт және ойын алаңшалары қатары артатын болады.

Айта кетейік, биылғы жылы Қаратау ауданында  “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында балалар ойын алаңшасынан бөлек  заманауи үлгідегі 7 ашық спорт алаңдарын салу көзделуде.

Бұдан бөлек, бүгін Шымкент қалалық Тұран ауданына қарасты Мангельдин көшесінің №40 тұрғын үй ауласында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Қала күніне орай ұйымдастырылған іс-шара аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Алаңшаның құрылысы маусым айының басында басталып, 15 күннің ішінде аяқталды.  Айта кетейік, Тұран ауданында биыл 13 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілмек.

Ал, Шымкент қаласында үш жылда 144 спорт нысаны салынған. Бұқаралық спорт халық арасында жаппай белең алу үшін  қажетті спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу керектігі белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 1077-ге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 144 спорт нысанға артқан.

2021 жылы қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 115 спорт алаңшаның құрылысы жүргізілді.

Оның 14-і демеушілер есебінен, қалған 101 спорт алаңшаның құрылысына бюджеттен 2 060.0 млн теңге қаржы бөлініп, спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Сонымен қатар жеке инвесторлар арқылы «SHootting plaza» әмбебап ату кешені іске қосылды.  2023 жылы «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром құрылысы», «Металлург» стадионын реконструкциялау» құрылыс жұмыстары, Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілді.

Ал, жыл соңына дейін №12 спорт мектебінің қосымша корпусы құрылысы бітеді деп жоспарланып отыр.

Жалпы өңірде тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін жағдайлар жасалып жатыр. Бүгінде қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 498 852 адамға жетіп, 42% құрады.

Алдыңғы пост
Шымкентте жалғызбасты қарттарға қалай қамқорлық жасалады?
Келесі пост
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu