420
Алматыда дүкендердің бірінде бейтаныс қыз баланың кеудесіне қолын салған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды. Оқиға 18 тамызда болған.
Полиция хабарлауынша, тәртіп сақшылары ер кісіні Атырау қаласынан ұстаған.
1988 жылы дүниеге келген Атырау қаласының тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындаған. Ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан.
«Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды» делінген полиция мәліметінде.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде дүкенде болған оқиғаның видеосы пайда болды. Бейнежазбадан ер адам қыз баласының кеудесін ұсап, кетіп қалғаны анық көрінеді.