Шымкентте жылу маусымының сығымдау жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталады

Теги: , ,
195

Шымкентте жылу маусымына қатысты сығымдау жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

2023-2024 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында Қаратау ауданындағы көпқабатты 447 тұрғын үйге «Қуат жылу орталық-3» МКК-ымен бірлесіп сығымдау шаралары атқарылуда. Бекітілген жоспарға сәйкес сығымдау жұмыстарын қазіргі уақытта 8 мекеме жүзеге асыруда.

Жалпы Қаратау ауданы аумағындағы көпқабатты үйлерге қызмет көрсететін бұл мекемелерден 12 арнайы бригада тартылған.

Қазір аудан аумағындағы  көпқабатты 447 тұрғын үйден 235 үйге (52,5%) сығымдау жұмыстары толық орындалды. Қалған көпқабатты 212 тұрғын үй бекітілген жоспарға сәйкес қыркүйек айының 15-іне дейін сығымдау жұмыстарынан өтетін болады.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкент әкімі жауаптыларға жылу маусымына дайындықты күшейтуді тапсырған болатын. Яғни, шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен әкімдікте өткен жиында жылу маусымына дайындық шаралары пысықталып, өзекті мәселелердің шешімі қарастырылды. Қазір қала аумағында бөлек орналасқан 23 жылу қазандығының 19-ы қысқы маусымға дайын. Қалған қазандықтар бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Кестеге сәйкес биылғы жылдың 15 қыркүйегіне дейін толық аяқталады. Орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясының 13-ы дайын, қалғанында тиісті шаралар жалғасуда.

Мұрат Дүйсенбекұлы былтырғы қыстың қаттылығын ескеріп және кемшіліктерді назарға ала отырып, биылғы жылу маусымына дайындықты барынша күшейту, қажетті шаралардың барлығын мерзімінде қамту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар жауаптыларға тұрғындарға қолайсыздық тудырмас үшін жылу құбырлары жүргізілген аумақтарды дер кезінде қалпына келтіруді ескертті. Өзекті мәселелелер туындаған көпқабатты тұрғын үйлерге басымдық беріп, ішкі жүйелерді қалпына келтіру бойынша тұрғындардың жауапкершілігін арттыруда шаралар қабылдауды ескертті.

Жиында қала әкімі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембековке жұмысты үйлестіруде салғырттық танытқаны үшін сөгіс берді. Жауаптыларға қала аумағындағы барлық мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу жүйелері мен қазандықтардың қысқа дайындығын тездету және жұмыстарды сапалы, мерзімінде жүргізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Бұған дейін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов жылу желілерін, әлеуметтік сала нысандарын, тұрғын үйлер мен инженерлік коммуникацияларды дайындау туралы баяндама жасаған болатын. Оның айтуынша, бүгінгі таңда білім беру нысандарының дайындығы 88%-ды (9 399), денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 88,6%-ды (5 015), тұрғын үйлердің дайындығы 75,1%-ды (37 555) құрайды. Бұл ретте республика бойынша 593 км жылу желісін жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 382 км немесе жоспардың 64,4%-ы аяқталды.

Алдыңғы пост
Дүкенде бейтаныс қыздың кеудесін ұстап алған ер адам қамауға алынды
Келесі пост
Шымкент полициясы танысын ұрып өлтірген күдіктіні қамауға алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu