464
Сауда орталығына келген Шымкент тұрғыны ішінде 1 млн теңгесі мен құжаттары және банк карталары салынған әмиянын жоғалтып алған.
Әйелдің айтуынша, ол әмиянды өз бетінше іздеп, бір сағатқа жуық уақытын жұмсаған. Алайда нәтиже болмаған соң полициядан көмек сұрапты.
Шақырту бойынша оқиға орнына №1 учаскелік пунктінің инспекторлары жеткен. Олар көмек сұраған тұрғыннан мән-жайды нақтылап, оның жүрген жолы бойынша іздеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде полиция қызметкері Нұрбол Төлендібаев дүкендердің біріндегі креслоның астынан әмиянды тауып алған. Оны барлық заттарымен заңды иесіне қайтарып берген.
Өз кезегінде қала тұрғыны тәртіп сақшысының жедел жұмысына алғысын білдірді.