ІІМ Шымкент мектептеріндегі қауіпсіздік жүйелерін тексерді

Теги: , , , ,
332

Шымкентке арнайы барған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қалалық департаменттегі жұмысын осы мәселеден бастады. Жаңа оқу жылы қарсаңында жедел басқару орталығына кіріп, білім ошақтарындағы камералар мен дабыл түймелерін тексерді.

Polisia.kz жазуынша, еліміздің бас полицейі мектептердің бірімен байланысқа шықты. Айта кету керек, оқу ордасында дабыл жүйесі іске қосылса, сигнал бірден полицияға түседі.

Шымкентте 246 мектеп бар, оның 151-і мемлекеттік. Ондағы бейнекамералар саны 2600-ден асады. Министр департаменттің жаңа басшысына оларды толығымен полицияға шығарып, осы бағыттағы жұмысты жетілдіруді тапсырды.

“Мектептер мемлекеттік, жеке меншік деп бөлінбей, толығымен жедел басқару орталығына шығарылуы тиіс. Бұл балалардың қауіпсіздігі үшін қажет. Полиция департаментінің басшысына бірінші кезекте осы жұмысты қолға алуды тапсырдым. Сонымен қатар оқу орындарының маңындағы жол инфрақұрылымын, жаяу жүргіншілер өткелінің бар-жоғын, мектеп автобустарының жай-күйін тексеруді жүктедім”, – деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ ведомство басшысы жеке құраммен кездесіп, полицияға жүктелген міндеттерді еске салды. Қызметкерлердің де, азаматтардың да тарапынан заңсыздық пен бассыздыққа жол берілмеу қажеттігін баса айтты.

Жұмыс сапарының соңында Марат Ахметжанов министрліктің Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығына барды. Мұнда ол полицей болуды мақсат тұтып, әр өңірден біліктілігін арттыруға келген жас тыңдаушылармен жүздесті. Орталықтың аумағында жылдам қимылдайтын арнайы жасаққа арналған үй-жай мен алаң салынбақ. Мұнда ведомство басшысы жауынгерлерге жасалатын жобамен танысты.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте қалалық Полиция департаментіне жаңа басшысы тағайындалған болатын. Шаһарға арнайы келген Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жаңа басшыны қала активі мен ведомствоның жеке құрамына таныстырды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Думан Таев тағайындалды.

Полиция генерал-майоры Думан Таев ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Осы уақыт аралығында ол қарапайым полицейден бөлімшелер мен аймақтық полиция департаменттерінің бастығына дейінгі лауазымдарды атқарған. Әр жылдары түрлі жедел лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР ІІМ аппаратындағы Криминалдық полиция департаменті мен Ақмола облысының полиция департаментін басқарды.

Бұған дейін қалалық Полиция департаментіне басшылық еткен Қайрат Дәлбеков Алматы қаласы, Жетісу және Алматы облыстарына қарасты Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Алдыңғы пост
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Келесі пост
Шымкенттік әйел ішінде 1 млн теңгесі бар әмиянын орталықта жоғалтып алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu