325
Әлеуметтік желіде Медет есімді азаматтың туыстары мен достарына арнап дастархан жайған сәтінің видеосы пайда болды.
Той кезінде оның достары жұрт күтпеген тосын сый жасады. Яғни, бір топ жігіт той иесінің анасына 1001 раушан гүлін тарту етті. Мұндай құрметті ешкім күтпесе керек, тойға жиналғандар қол шапалақтап, ерекше қошемет көрсетеді.
Видеоны көрген желі қолданушылары да той иесінің достарына дән риза болды.
«Керемет», «Жарайсыңдар Медеттің достары!», «Тамаша! Ананың қадірін білетін ұл деген осындай болады», «Міне, нағыз достар! Досының анасын өз анасындай құрметтеген! Алла разы болсын!», «Осындай достың болғаны қандай жақсы» деп жазды желі қолданушылары.
Бейнежазба қашан және қайда түсірілгені әзірге белгісіз.