Әлеуметтік желілерде жүк салғыштан автомат алып шығып, рөлге отырған жас жігіттің видеосы пайда болды.
Бейнежазбаға қатысты желі қолданушылары түрлі пікірлерін қалдырды.
«Түркістан облысының өзіндік ерекше атмосферасы бар. Қарулы және қауіпті жігіт облыстық Полиция департаментінің бастығына үлкен сәлем жолдайды» деп жазды бейнежазбаны жариялаған Telegram-арналардың бірі.
Бұл видеоға қатысты полиция пікір білдірді. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз ер адамның қолына қару тәрізді зат ұстап тұрған видеоны анықтаған. Жас жігіттің қолындағы суық қару емес, ойын автоматы болып шыққан. Ол бұл әрекеті үшін жұртшылықтан кешірім сұраған.
«Түркістан облысының полицейлері бірден назарға алып, жедел шараларды қабылдады. Нәтижесінде бейнежазбадағы жас жігіт Сайрам ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Ал оның қолындағы пейнтбол ойнауға арналған автомат екені анықталды. Жас жігітпен тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізді» деп мәлім етті полициядан.